Басты бет / Биология және биотехнология / Зоология, гистология және цитология / Божбанов Алихан Жаксыбекович
Божбанов Алихан Жаксыбекович
Лауазымы: доцент
зоология, гистология және цитология кафедрасы
Scopus author ID: 57219182190
Жасырылған
Биология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. , Халықаралық ақпараттандыру академиясының
академигі, Ресейдің А.А.Остапец -Свешников атындағы "Балалар мен жасөспірімдер туризмі және
өлкетану" академиясының ( Москва) мүше – корреспонденті Жалпы еңбек өтілі: 46 жыл. Биология
саласындағы еңбек стажы: 36 жыл. Божбанов Алихан 1990 ж. Алматы қаласындағы С.М.Киров
атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факультетін "биология және химия" пәнінің
оқытушысы мамандығы бойынша тәмәмдады. Сосын жас мамандарды орналастыру бойынша Алматы
зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқытушылық қызметке жіберілді.
1990-1997жж. аралығында Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент , аға
оқытушы, ветеринария факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарды.
1997-2000 жж. Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетінің патанатомия және ветеринариялық істі
ұйымдастыру кафедрасына қарасты аспирантураның күндізгі бөлімін оқыды.
2007 ж. кандидаттық диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды
(16.00.03).
2011 ж. биология мамандығы бойынша доцент атағын алды (03.01.00).
2008-2013 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің "Қазақстан географиясы, экология және география
әдістемесін оқыту" кафедрасында доцент, "География және экология" факультетінің ғылым
жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы Технологиялық университетінің "Тағамдық
биотехнология" және "Химия,химиялық технология және экология" кафедраларында профессор
қызметін атқаруда.
2022 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «Зоология, цитология және гистология»
кафедрасында доцент қызметін атқаруда.
Осы еңбек жолында 250-ден аса ғылыми жұмыстары жарық көрді. 3 оқулықтың, 20-дан аса оқу
құралының, 8 типтік оқу бағдарламаларының авторы және 2 инновациялық патенттің иесі.Биология
саласында алған негізгі марапаттары:А.Байтұрсынов атындағы күміс медаль (ЖОО қауымдастығы,
2018 ж.);Почетная медаль «За вклад в развитие образования и науки» (2021 ж.);ҚР ЖОО үздік
оқытушысы-2021 ж.Медаль – ҚР білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстанның
білім беру саласының үздігі»Ұстаз ордені – ҚР Педагогтар қоғамының шешімімен білім беру
саласына қосқан елеулі үлесі үшін, Астана қаласы - 2022 жыл.А. Байтұрсынов атындағы орден
(ЖОО қауымдастығы, 2023ж.) «ҚР Еңбек Сіңірген Қызметкері» медалімен марапатталды . 2023
жыл.Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ғылым қайраткері» төсбелгісімен
марапатталды
Бірінші жоғарғы білімі
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағыңыз
| Ғылыми атағыңыздың атауы | Тағайындалған күні |
|---|---|
| доцент | 14.06.2011 |